Ливан Израильмен келіссөздерді кейінге қалдыруы мүмкін

Ливан тарапы кез келген саяси келіссөздерден бұрын атысты тоқтату режимін толық сақтау және бітімгершілік келісімін нығайту қажеттігін атап өтті.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 03:40
Бүгiн 2026, 03:40
185
Фото: depositphotos.com

Ливан Израильмен келіссөздерді кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл шешім Ливан аумағындағы бітімгершілік режимінің бұзылуына байланысты болуы ықтимал, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ливан делегациясының келіссөздер тобының жетекшісі Саймон Карамның айтуынша, Израиль әскері Литани өзенінің солтүстігінде әскери операцияларды жалғастырып, елді мекендерге зиян келтіріп отыр. Бұл жағдай Бейрут тарапынан алаңдаушылық тудырған.

Ливан тарапы кез келген саяси келіссөздерден бұрын атысты тоқтату режимін толық сақтау және бітімгершілік келісімін нығайту қажеттігін атап өтті.

Басылым мәліметінше, Израиль жағы керісінше «Хезболлах» қозғалысын толық қарусыздандыру мәселесін күн тәртібіне енгізуді талап етіп отыр.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдері алдағы келіссөздерде Ливанның егемендігін қалпына келтіру, шекараны нақтылау және тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу мәселелері талқыланатынын хабарлаған.

Наверх