Литва Қазақстаннан озбайды – АШМ өкілі

1 Сәуір 2021, 17:34
1063
Бөлісу:
Литва Қазақстаннан озбайды – АШМ өкілі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте АШМ өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов мәлім етті.

Кеше Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова депутаттық сауал жолдап, Ауыл шаруашлығы министрлігінің жұмысын сынға алды. Оның айтуынша, министрлік бастама көтеріп, ведомствоға жүгінген бірқатар ғалымға қаржылық қолдау көрсетпей отыр. Осы ақпаратқа түсінік беру мақсатында брифингке ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мен қауымдастық ғалымдары шақырылды. 

Депутаттық сауалда Қазақстан мен Литваның экспортық көлемі мысалға келітірліпті. Біз жыл сайын шамамен 20 млн тонна астық өндіреміз. Ішкі нарықтың тұтынуына 10-11 млн тонна астық кетеді. Оның ішінде біраз бөлігі экспортталатын ұн өндірісіне қажетті мөлшер де кіреді. Қалған астық мөлшерін есепке алғанда біз жылына 7-8 млн тонна астық экспортауға қауқарлымыз. Литваның экспорттық көлемі жылына 3 млн тоннаны құрайды. Бірақ сауалда Қазақстанның экспорттайтын елі Орталық Азия мен Ауғаныстан екені ескерілмеген. Ал Литвада ол бүкіл әлем. Айырмашылық Қазақстанның теңізге шығатын мүмкіндігі жоқ. Соған қарамастан көшбасшылар қатарындамыз, - деді ол. 

Оның айтуынша, сондықтан Литва жер ресурстарының шектеулігіне қарамастан астық өндіруді үш есе арттырып, Қазақстанды басып озады деген пікір негізсіз. 

Ал егін шығымына келер болсақ ол жағынан біз Литваға дес береміз. Алайда бұл бағытта да жұмыстар атқарылып жатыр. Бізге егін шығымын көтеру, минералдық тыңайтқыштар сапасын жақсарту, сапалы тұқым қолдану, заманауи агротехникалық технологияларды қолдану ісіне басымдық беру керек, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы