Лицензиялық турнир: Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

3 Наурыз 2024, 23:13
357
Бөлісу:
Лицензиялық турнир: Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Әуесқой бокстан Бусто-Арсицио қаласында басталған лицензиялық турнирде қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеді.

51 келіде сынға түскен әлем чемпионы Сәкен Бибосынов бірінші жекпе-жегінде Гонконг спортшысы Каннет Там Чунды 3 раундта мерзімінен бұрын ұтты.

Енді жерлесіміз 1/16 финалда Кения өкілі Дэвид Каранча Мачариамен жұдырықтасады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Италияда өтіп жатқан турнирде бүгін ел құрамасынан кімдер сайысқа түсетінін жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы