Лионель Мессидің әлемдегі ең алып мүсіні Аргентинада ашылды

Неукен провинциясында футбол аңызына арналған рекордтық ескерткіштің ашылу салтанаты өтті.

 championat.com Бүгiн 2026, 16:17
Бүгiн 2026, 16:17
202
Фото: championat.com

Аргентинаның Кутраль-Ко қаласында әлемдегі ең биік Лионель Месси мүсіні ашылды. Биіктігі 26 метр болатын ескерткіштің авторы – жергілікті мүсінші Альдо Бероиса.

Неукен провинциясында сегіз мәрте «Алтын доп» иегері, әлем чемпионы Лионель Мессиге арналған әлемдегі ең биік мүсіннің ашылу салтанаты өтті.

Мүсінде Месси Аргентина құрамасының жейдесімен тізерлеп отырған күйде бейнеленген. Оның оң қолы жоғары көтерілген, ал екі тізесінің арасында әлем чемпионатының кубогы орналасқан.

Ескерткіштің биіктігі 26 метр болса, салмағы 70 тоннаны құрайды.

Айта кетейік, бастапқыда мүсіншіге футболшының бойымен бірдей, яғни биіктігі 172 сантиметр болатын мүсін жасау ұсынылған. Алайда Бероиса мұндай көлем футболшының ұлылығына сай келмейді деп есептеген.

Соңында қала билігі биіктігі 26 метр болатын жобаны мақұлдады.

Наверх