Әлімханұлы әлем чемпиондарын ашық айқасқа шақырды

10 Ақпан 2020, 13:33
1390
Бөлісу:
Әлімханұлы әлем чемпиондарын ашық айқасқа шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырды.

Маған чемпиондық белбеу қажет. Чемпиондар, қайдасыңдар? Келіңдер айқасайық. Егер жұдырықтасқыларың келмесе, титулымды былай бере салыңдар, - деп жазыпты Әлімханұлы твиттер желісінде жариялаған жаттығуының видеосына.

WBC Continental Americas және WBO Global титулдарына ие Жәнібектің рингке оралуы наурызға жоспарланған. Қарсылас әзірге белгісіз.

Айта кетейік, орта дивизионда WBO белбеуін амеркиалық Деметриус Андраде иеленеді, ал WBC чемпионы Джермалл Чарло.

Өзгелердің жаңалығы