Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

7 Ақпан 2020, 06:22
1568
Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпқой рингте бірде-бір қарсыласына есе жібермеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды. Бұл ақпаратпен ол өзінің Іnstagram-парақшасында бөлісті.

Жекпе-жек наурыз айында болады, бұйыртса! Дайындық қызу жүріп жатыр. QAZAQ STYLE, – деп жазды Әлімханұлы.

Еске сала кетсек, Әлімханұлы 10 қараша күні Калифорнияда өткен соңғы жекпе-жегінде канадалық Альберт Онолуносты нокаутпен жеңіп, WBO Global және WBC Continental Americas белдіктерін қорғап қалған еді.

Өзгелердің жаңалығы