Әлімханұлы америкалық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

3 Ақпан 2019, 09:19
2065
Бөлісу:
Әлімханұлы америкалық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жеңісіне қол жеткізді. 


Техас штатындағы Фриско қаласында өткен бокс кешінде отандасымыз америкалық Стивен Мартинесті (18-4, 13 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

Бірінші раундтан бастап-ақ Әлімханұлы өзінің басымдығын байқатты. Қарсыласын сәт сайын қыспаққа алып, соққытатын үдете түсті. Үшінші раундта Жәнібектің бауырдан ұрған соққысы жойқын болып, Стивен Мартинес нокдаун алды. Төреші есеп ашып, 10 секунд ішінде есін жинауын күтті.

Жәнібек төртінші раундта тіпті еркін жұдырықтаса бастады. Жұдырықтасу тәсілін де өзгертіп, қарсыласын ашық шайқасқа шақырды. Шаршы алаңда ойқастап, шоу да көрсетті.

Бесінші раундта қазақстандық боксшы шабуылын үдетіп, жеңіске бастар жолды тапты. Стивен Мартинестің бапкерлері ақ орамалды тастап, шәкірті жеңілгенін мойындады. Нәтижесінде отандасымыз техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Негізі жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған болатын.

Осылайша отандасымыз өзі үнемі айтып жүретіндей америкалықтарға Қазақтың бокс стилін көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы