Әлеуметтік көмек алатын отбасы өз кәсібін ашты

25 Қыркүйек 2019, 22:36
1915
Бөлісу:
Әлеуметтік көмек алатын отбасы өз кәсібін ашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алатын Қостанай облысындағы көпбалалы ана отбасының материалдық жағдайын жақсартып қана қоймай, жеке ісін де ұйымдастыра алды, деп мәлімдейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жанар Куженова АӘК тағайындаудан түскен қаражатқа аудан орталығының шетінде шағын сұлулық студиясын жалға алған. Жанардың ойынша, жеке кәсіппен айналысу мемлекеттен үнемі әлеуметтік көмек алғаннан жақсы.

«Менің төрт балам бар. Кенже қызым 2,5 жаста. Менің күйеуім құрылысшы болып жұмыс істеді, оның жалақысы бізге жетпеді, әсіресе қыста жұмыс болмады. Сондықтан мен АӘК тағайындау үшін құжаттар жинай бастадым. Кейін мен «Бастау Бизнес» жобасы туралы білдім және қысқа мерзімді курстарда кәсіпкерлік негіздеріне оқыдым. 26 маусымда менде пермаментті макияж қызметін ұсыну үшін жеке бизнесімді ашу үшін грант алу мүмкіндігі пайда болды. «Sen - Sulu» сұлулық студиясын аштым. Мен ауылдастарымның жылы пікірлеріне өте қуаныштымын, менің студиям туралы ауызша жарнаманы көрші Камышинское, Аятское ауылдарының әйелдері естіп, келе бастады. Күн сайын  7-8 клиентке қызмет көрсетемін. Әр әйел, кез-келген жаста, сұлу болғысы келеді!», - деп Жанар өзінің жетістіктерімен бөлісті.

Қостанай облысы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілі Лидия Цымбал 2019 жылдың бірінші тоқсанында Жанар Куженова 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста болғанын айтты. Жұбайы жеке тұлғаларда бейресми жұмыс істеді.

«Отбасының табысы кедейлік шегінен төмен болды (бір адамға жан басына шаққандағы орташа табысы 8772 теңге), сондықтан 2019 жылдың сәуірінен бастап отбасына ай сайын 110 мың 157 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, жалпы сомасы 1 млн. 321 мың 884 теңге. Ағымдағы жылдың сәуір айында отағасын «Строй мастер» ЖК – ге әр түрлі жұмыстарды орындайтын жұмысшы қызметіне тұрақты жұмысқа орналастыруға мүмкіндігі туды,» - деп еске алады Лидия Цымбал.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні АӘК 2 млн. 87 мың 400 қазақстандыққа (405 мың 600 отбасы), оның ішінде 1 млн 302 мың 500 балаға (олардың үлесі барлық алушылардың 62,4%-ын құрайды) тағайындалды. Алушылар құрамындағы көпбалалы отбасылар шамамен 40%-ды құрайды (161,6 мың отбасы немесе 1 млн 71,6 мың адам).

АӘК алушылардың ең көп саны елдің оңтүстік өңірлеріне келеді, онда барлық алушылардың 67%-дан астамы шоғырланған, оның ішінде Түркістан облысында – 96 мың 800 отбасы, Алматы облысында – 53 мың 600 отбасы, Шымкент қаласында – 51 мың 600 отбасы, Жамбыл облысында – 39 мың отбасы және Қызылорда облысында-31 мың 700 отбасы.

Өзгелердің жаңалығы