Әлемдегі ең қымбат шырша бағасы қандай

23 Желтоқсан 2019, 12:33
3349
Бөлісу:
Әлемдегі ең қымбат шырша бағасы қандай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа жыл қарсаңында саудаланып жатқан жасанды шыршалардың бағасы екі жарым мыңнан 2 млн теңгеге дейін, деп жазды Хабар24. 

Жасанды шыршалар табиғи шыршадан қымбатырақ. Арзан жасанды шыршалар Ақтөбе, Ақмола және Қарағанды облыстарында сатылады. Ондағы баға 2 жарым мың мен 4 мың теңге аралығында саудаланады. Ал Түркістан мен Қызылордада жасыл атрибут құны шамамен екі есе жоғары – 7 мың теңге.

Елордада болса, таңдау көп – 8 жарым мың мен 2 млн теңге аралығында. Ал тірі ағаш бағасы 1 мың теңгеден 5 мың теңгеге дейін барады. 

Әлемдегі ең қымбат жасанды шырша бағасы – 15 млн 300 мың доллар. Ол Испанияның Марбелья қаласында "Кемпински Байя" қонақ үйінде орналасқан. Биіктігі 6 метр. Сваровски кристалымен және сапфир мен гауһартас сынды қымбат зергерлік бұйымдармен безендірілген. Белгілі дизайнерлердің аксессуарлары да бар. Ал домалақ ойыншықтардың орнында страус жұмыртқалары ілінген. Сырты алтын пластинкалармен және алмаз ұнтақпен қапталған. Ол тәулік бойы күзетіледі.

Өзгелердің жаңалығы