Әлемдегі ең ақылды ит өлді

29 Шілде 2019, 23:25
2059
Бөлісу:
Әлемдегі ең ақылды ит өлді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатында тұратын бордер-колли тұқымдас Чейзер есімді ит өлді. Ол мыңнан астам сөз білетін, сондықтан оны әлемдегі ең ақылды ит деп атап кеткен. Бұл туралы Independent басылымы хабарлады.

Чейзердің қожайыны, бұрынғы психиатр Джон Пилли оны үйретудің бірегей әдістемесін жасақтаған. Ол итті 2004 жылы сатып алады, содан бері күніне 4-5 сағаттан жаттықтырады. Пилли итке неше түрлі заттарды көрсетіп, олардың атауын 40 рет қайталап айтатын болған. Содан соң, оларды тығып, иттен тауып беруін сұраған.

Иттің қожайыны жаттықтыру үшін 800 жұмсақ ойыншық, 116 шар, 26 фрисби мен түрлі пластик заттарды қолданған. Нәтижесінде Чейзер 1022 сөзді үйреніп алған.

Ит 15 жасында өлді. Ал оның қожайыны осыдан бір жыл бұрын 89 жасында қайтыс болған.


Өзгелердің жаңалығы