Әлемдегі бай адамдар апта ішінде 444 млрд доллардан айрылып қалды

29 Ақпан 2020, 17:55
1991
Бөлісу:
Әлемдегі бай адамдар апта ішінде 444 млрд доллардан айрылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемдегі 500 ең бай адамның байлығы жалпы алғанда апта ішінде 444 миллиард АҚШ долларын құрады.

Бұл коронавирустың қаржы нарығына кері әсерінің салдарынан болып отыр.

Блумберг агенттігінің дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, ақшасы азайған адамдардың ішінде әлемдегі ең бай үш кәсіпкер де бар – Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос, Microsoft негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс және LVMH компаниялар тобының президенті Бернар Арно. Олардың байлығы жалпы алғанда шамамен 30 миллиард долларға азайған.

Tesla компаниясының басшысы Илон Маск та қаржы жағынан қатты зардап шекті. Әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде 25-орында тұрған Маск апта ішінде тоғыз миллиард долларынан айрылып қалды. Себебі оның компаниясындағы акцияларды бағасы төмендеп кетті. Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг апта ішінде 6,5 миллиард долларын жоғалтты.

Өзгелердің жаңалығы