Бір тәулікте 14 мыңдай адам коронавирус жұқтырған

17 Наурыз 2020, 08:29
1131
Бөлісу:
Бір тәулікте 14 мыңдай адам коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы 24 сағат ішінде әлемде 14 мыңға жуық адам жаңа коронавирус жұқтырып, 862 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы.


ДДСҰ мәліметтері бойынша, күніне 13 903 жаңа инфекция оқиғасы анықталды, олардың тек 29-ы Қытайда болған.

Осылайша, әлемде вирус жұқтырғандардың жалпы саны қазіргі уақытта 167 511 адамды құрайды.

Қытайдан бөлек, COVID-19-дан 848 адам қайтыс болды. Әлемде өлім жағдайларының жалпы саны 6606-ға жетті, оның 3388-і ҚХР-дан тыс мемлекеттерде.

Сонымен қатар вирус қазірдің өзінде 151 елге таралған.
Өзгелердің жаңалығы