Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 230 мыңнан асты

2 Мамыр 2020, 10:46
1414
Бөлісу:
Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 230 мыңнан асты

Алматы, BAQ.KZ. Осы сәтте әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 3 400 090, жазылғандар 1 080 156. Ал пандемия басталғалы 239 566 адам қайтыс болған. Мұндай деректерді worldometers.info сайты келтірді.


Коронавирус инфекциясын көп жұқтырған ел АҚШ болып отыр. Онда 1 131 030 адамнан COVID-19 анықталған. Жазылғандар саны 161 563, өкінішке қарай 65 753 адам осы індеттен көз жұмған.

Испанияда 242 988 адам вирус жұқтырған. Пандемия басталғалы 24 824 науқас мерт болған, жазылып шыққандар саны 142 450.

Италияда 207 428 адамнан инфекция анықталған. Жазылғандар саны 78 249, мерт болғандар саны 28 236.

Францияда 167 346 адам вирус жұқтырған. Оның ішінде 50 212 адам жазылып шықса, 24 594 адам мерт болған.

Германияда коронавирус жұқтырғандар саны 164 077 адамға жеткен, 6736 адам көз жұмған. 126 900 науқас жазылып шыққан.

Түркияда 122 392 адамнан вирус анықталған, жазылғандар саны 53 808. Қауіпті індеттен мерт болғандар саны 3258.

Ал, Қазақстанада 3671 адамнан вирус анықталған. Жазылғандар саны 922, осы індеттен көз жұмғандар саны 25.
Өзгелердің жаңалығы