Әлемде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 265 мыңнан асты

10 Мамыр 2020, 14:25
1385
Бөлісу:
Әлемде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 265 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлем бойынша індет жұқтырғандар саны 3,8 миллионнан асқан. Ал қайтыс болғандар саны 265 мыңға жеткен, деп хабарлады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы.

Ұйым мәліметінше, бір тәулік ішінде коронавирустың жаңа түрін 95 845 адам жұқтырып, 6388 адам қайтыс болған. Осылайша, әлемде коронавирусты жұқтырудың жалпы саны 3 855 788 құрап, өлім - жітім саны-265 862-ге жеткен.

Ұйымның мәліметтеріне сәйкес, 1 682 338 вирус жұқтыру жағдайы Еуропада тіркелген.
Өзгелердің жаңалығы