Әлемде індеттен қаза тапқандар саны 190 мыңнан асты

24 Сәуір 2020, 10:20
1559
Бөлісу:
Әлемде індеттен қаза тапқандар саны 190 мыңнан асты

Алматы, BAQ.KZ. Өткен тәулікте әлем бойынша 7154 адам қауіпті індеттен көз жұмған, осы уақытқа дейін мерт болғандар 190 490 адам. Мұндай мәліметті Джонс Хопкинс университеті таратты.

Соңғы мәліметтер бойынша, дүние жүзінде коронавирусқа шалдыққандар саны 2 708 590 адам, оның ішінде 80 960 жағдай соңғы тәулікте тіркелген.

Қауіпті инфекцияның таралуы бойынша АҚШ бұрынғыдай бірінші орында, бұл елде 873 137 адамнан коронавирус анықталған, 49 759 адам мерт болған. Екінші орында Испания  - 213 024 науқас, қайтыс болғандар саны 22 157. Ода кейін Италия тұр, бұл елде  189 973 адамнан коронавирус анықталып, 25 549 адам мерт болған.

Ал, Оңтүстік Кореяда өткен тәулікте COVID-19-ды тағы алты адамның жұқтырғаны, 90 адамның сауығып шыққаны белгілі болды. Қайтыс болғандар саны өскен жоқ, 240 адамды құрайды. Вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 10 708-ге дейін өсті, барлығы 8 501 адам жазылып шықты. 

Коронавирусты жұқтырған адамдар санының ел ішінде азаюына байланысты билік жеңілдетілген түрдегі әлеуметтік қашықтықты сақтау режимін 5 мамырға дейін ұзартты.

Қазақстанда да жағдай мәз емес. 24 сəуір сағат 09:30-дағы коронавирус инфекциясы бойынша жағдайға келсек бүгін тағы 45 адамнан инфекция анықталып, 1 адам көз жұмған. Инфекция анықталғандардың жалпы саны  - 2334, қайтыс болғандар – 22, жазылғандар – 560 адам.
Өзгелердің жаңалығы