Латвияда мигранттарды заңсыз тасымалдады деген күдікпен Германия азаматы ұсталды

Беларусь шекарасы маңында ұсталған ер адам алты мигрантты заңсыз алып өтті деген күдікке ілінді. Оған қандай жаза қаупі төніп тұр?

Бүгiн 2026, 19:49
АВТОР
 Alexander Welscher/dpa Бүгiн 2026, 19:49
Бүгiн 2026, 19:49
113
Фото: Alexander Welscher/dpa

Латвияның шекарашылары елдің Беларусьпен шығыс шекарасына жақын маңда көлікті тексеру кезінде мигранттарды заңсыз тасымалдады деген күдікпен Германия азаматын ұстады. Бұл туралы dpa-international агенттігі хабарлады.

Латвияның Мемлекеттік шекара қызметі бейсенбі күні таратқан баспасөз хабарламасында ұсталған азаматтың жарамды жол жүру құжаттары, визасы немесе тұруға ықтиярхаты жоқ алты адамды тасымалдағаны айтылған.

Биліктің мәліметінше, бұл адамдар бұған дейін Беларусь-Латвия мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен.

Ведомство күдіктіге қатысты адамдарды мемлекеттік шекара арқылы заңсыз тасымалдау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бұл бап бойынша бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Алайда шекара қызметінің баспасөз хатшысы күдіктінің жеке басына қатысты қосымша ақпарат беруден бас тартты.

Ұзындығы 172 шақырым болатын Беларусьпен шекарасы бар Латвия Беларусь президенті Александр Лукашенконы Еуропалық одаққа қысым көрсету мақсатында мигранттар легін ЕО-ның сыртқы шекарасына бағыттауға ықпал етіп отыр деп айыптайды. Ал Минск бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.

Латвия билігінің мәліметінше, биыл ел аумағына 7 мыңнан астам мигранттың заңсыз кіру әрекетінің жолы кесілген.

Сонымен қатар мигранттарды заңсыз тасымалдады немесе олардың заңсыз тұруына жәрдемдесті деген күдікпен 80 адамға қатысты 94 қылмыстық іс қозғалған.

Наверх