Лаоста жеті алтын іздеуші су басқан үңгірден бір аптадан бері шыға алмай жатыр

Жаңбыр салдарынан жерасты туннельдерінің шыға берісін су басып, адамдар қоршауда қалған.

Бүгiн 2026, 09:34
АВТОР
 Туризм және спорт министрлігі Бүгiн 2026, 09:34
Бүгiн 2026, 09:34
240
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Лаоста алтын іздеушілер су басқан үңгірден шыға алмай жатыр. Бір аптаға созылған іздеу жұмыстарынан кейін сүңгуірлер бес адамды аман-есен тапты. Бірақ олар әлі сыртқа шыға алмауда, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі CNN-ге сілтеме жасап.

Оқиға Лаостың орталығындағы Ксайсомбун провинциясында болып жатыр. Осыдан бір апта бұрын жергілікті ауылдың сегіз тұрғыны алтын іздеу үшін үңгірге аттанған. Алайда кері шыға алмаған. Өйткені барлық жолды су басып қалған. Тек бір адам ғана ғажайыппен сыртқа үлгеріп шығып, құтқарушыларға төтенше жағдай туралы хабарлаған.

Құтқару операциясына 100-ге жуық адам, соның ішінде ең тәжірибелі 15 сүңгуір жұмылдырылды. Іздеу басталғаннан кейін бір апта өткенде, олар үңгірде тұтқындалған бес адамды аман тапты. Ер адамдар су қоршауындағы тасты кемерде екендері анықталды.

Дереккөзінің жазуынша, қазіргі уақытта құтқарушылар тобы қамауда қалған адамдарға азық-түлік пен қажетті жабдықтарды жеткізу және оларды сыртқа алып шығу үшін жартастардағы өткелдерді кеңейту жолдарын іздестіруде. Бірақ ол да оңай болмай тұр. Адамдар жатқан үңгірге апаратын жолдар өте ирелең әрі тар, тіпті кейбір жерлерінің ені бары-жоғы 60 сантиметрді ғана құрайды. Жағдайды жеңілдетудің бір нұсқасы ретінде қазір суды белсенді түрде сыртқа сорғызып жатыр.

Жоғалып кеткен тағы екі адамның қайда екені әлі белгісіз.

Еске салайық, бұған дейін ШҚО-да заңсыз алтын өндірудің жолы кесілді: 4 адам ұсталды

Тағы оқи отырыңыздар: 

Жамбыл облысында алтын кенішіне заңсыз кірген 20 адам 15 тәулікке қамалды

ІІМ: 1400-ден астам адам заңсыз кен өндіруге байланысты жауапқа тартылды

1 млрд теңге: Құрамында алтыны бар құмды шетелге шығару әрекетінің жолы кесілді

Наверх