Лаңкестік, қылмыс, нәтиже. «Қасіретті қаңтар» оқиғасы бойынша Бас прокуратура мен ІІМ не істеді?

22 Ақпан 2022, 10:47
3986
Бөлісу:
Лаңкестік, қылмыс, нәтиже. «Қасіретті қаңтар» оқиғасы бойынша Бас прокуратура мен ІІМ не істеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қаңтар айының басында еліміздегі бейбіт шеру жаппай тәртіпсіздікке, кейін лаңкестікке ұласты. Оқиғаларға қатыстыларды тергеп-тексеру әлі күнге дейін жалғасын тауып отыр. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі бұл істер бойынша қандай жұмыс атқарғанын тізіп шығайық.

Мемлекеттік билікті басып алу

Күннен күнге қылмыстық қудалау органдары болған оқиғаның жаңа көріністерін анықтап жатыр.  Бүгінде азаматтар бастапқыда бейбіт митингке барғанын, содан кейін бұл бастаманы қылмыстық және деструктивті күштер ұстап, қиратумен мен тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, мемлекеттік билікті басып алу мақсатында терроризм актілерін жасағанын көріп отырмыз. Қылмыскерлер мемлекеттік органдардың нысандарына арнайы шабуыл жасап, әртүрлі аймақтарда тәртіпсіздіктер жасады, - деді Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.

Арнайы прокурорлардың басшылығымен аталған санаттағы 91 істі тергеліп жатыр. 

Ведомствоаралық тергеу тобы арнайы прокурорлардың басшылығымен аталған санаттағы 91 істі тергеуде, оның ішінде терроризм актілері бойынша – 46 және жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 45. Бұл істерді тергеу аясында соттың санкциясымен 469 адам қамауда отыр.Күдіктілер тіпті осындай ауыр қылмыстар бойынша олардың бұлтартпау шараларын жеңілдету үшін де ерекшелік болған жоқ. Жеке басын, жасалған қылмыстағы рөлін, тергеуге жәрдемдесуді ескере отырып, 128 күдіктіге қамауда ұстау - ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепілге және жеке кепілгерлікке ауыстырылды.

 Бұлтартпау шараларын қайта қарау бойынша жұмыс тұрақты жүргізіледі

Бұл ретте адамдар зардап шеккен және залал келтірілген қылмыстарға белсенді қатысушылар үшін ең қатаң бұлтартпау шарасы қолданылатынын нақты айта аламыз.Мысалы, Өскемен қаласындағы жаппай тәртіпсіздік барысында азамат К. және Р. сөз байласып, автокөлікпен Республика алаңына көлік дөңгелектерін апарды, оларды тәртіпсіздікке қатысушылар мемлекеттік мүлікті өртеу үшін пайдаланған.Бұдан әрі, азамат К. «Ваз-2121» маркалы полиция автокөлігін өртеп, 5 млн теңге көлемінде залал келтірген.Тағы бір жағдайда Талдықорған қаласында азамат Т. адамдар тобындағы жаппай тәртіпсіздіктердің белсенді қатысушысы бола отырып, Полиция басқармасының ғимаратына кіріп, 20 тапаншаны ұрлап кеткен. Атыс қаруын алған азамат Т. полиция ғимаратында оқ атуды бастады, - дейді Бас прокуратурада.

Күдіктілерге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау өзгертілмейді

Жеке адамдар барлық жағдайларды білмей, қылмыстық іс туралы көпшілік алдында пікір білдіру жағдайлары бар.

Еліміздің белгілі спортшысының «Фэйсбук» парақшасында азамат М. - ға қатысты бұлтартпау шарасын негізсіз қолдануға қатысты мәліметтер жарияланды.  Бұл жағдайда кейбір мәліметтерді нақтылағым келеді.Аталған азамат қылмыстық қудалау органы адамдар тобында Қызылорда қаласының жергілікті полиция қызметі ғимаратына қарулы шабуыл жасап, полиция қызметкерінің басына ауыр жарақат алды деп күдіктелуде.Атыс нәтижесінде шабуылдаушылардың бірі өлтірілді. Түнде азамат М. мәйітханаға кіріп, марқұмның полиция қызметкерлеріне шабуыл жасауға қатысуын жасыру үшін серіктесінің денесін ұрлады.Мұндай күдіктілерге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгертуге жатпайды, - деді Қилымжанов. 

Ұсталғандардың жағдайы тексеріліп жатыр

Бас прокуратура тұрақты негізде қамауда отырған адамдарды ұстау жағдайларына тексеру жүргізуде.Әрбір күдіктімен жеке қабылдау жүргізіледі, ұстау шарттарына шағым болған кезде – шаралар дереу қабылданады.Қамаудағылардың өтініштері негізінен үй-жайлардың температуралық режиміне, сәлемдемелерді алудың қиындығына, туыстарымен кездесуді ұйымдастыруға және басқаларға қатысты болды. Қазіргі уақытта осы мәселелердің барлығы шешілді. Қамауға алынған адамдар ұсталатын үй-жайларды күн сайын прокурорлар ғана емес, құқық қорғау ұйымдары да тексереді, - деді Елдос Қилымжанов. 

Ол атағандай, тергеу изоляторларындағы қаңтар оқиғаларына қатысушыларға адам құқықтары жөніндегі уәкіл 9 рет, оның өкілдері 41 рет барған. 

Бұдан басқа, аталған адамдармен Парламент депутаттарының топтары 9 рет, Ұлттық сенім қоғамдық кеңесінің өкілдері төрт рет, «Біз азаптауларға қарсымыз» қоғамдық бірлестігі мен Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның өкілдері бір – бірден кездесті. Күдіктілерді ұстау шарттары барлық жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, - деді ол. 

Ішкі істер министрлігі не істеп жатыр?

Ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғаларын тергеу мен елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.Қазіргі уақытта Ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 2729 қылмыстық істер бар, олар бойынша 255 адам күзетпен ұсталуда. Сонымен бірге жасаған әрекетінің ауырлығын, жеке басының мінездемесін еске отырып соттар 140 адамға қоғамнан алшақтатуға байланысты емес бұлтартпау шараларын тағайындады: үйқамақ - 62, кепіл - 33, ешқайда шықпау туралы қолхат – 45, - деді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Бұрын аталғандай, қылмыстық істердің негізгі бөлігі келесі қылмыстар бойынша тергелуде: ұрлықтар - 1 844, қарудың заңсыз айналымы - 343, мүлікті қасақана бүлдіру немесе жою - 144.

Қылмыстық істер бойынша 1,5 мыңнан аса жеке және заңды тұлғалар жәбірленуші деп танылған, 12 мыңнан астам адамнан жауап алынған, 2 мыңнан астам әртүрлі сот сараптамалары тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеудің сапасына және оның жадел аяқталуына ерекше назарға алынған. Ішкі істер органдары тергеушілерімен қаңтар оқиғалары бойынша 107 күдіктіге қатысты (88 қылмыстық істер бойынша) қылмыстық істер айыптау актілерімен аяқталған, - деді ол. 

52 адам сотталды

Бұл істердің де негізгі бөлігін ұрлықтар - 65, қаруды заңсыз сақтау фактілері – 11, оларды ұрлау – 7 және өзгелер құрайды.Сотқа 86 айыпталушы берілді.Бүгін елімізде соттар жеке басын және жасаған қылмыс ауырлығын ескере отрып 52 адамды соттады: олардың 39-ы бас бостандығын шектеуге, 13-і бас бостандығынан айыруға, ал 2 адамға қатысты тараптар татуласуына байланысты тоқтатылды, - деді Санжар Әділов. 

Ол атағандай, республика көлемінде қаңтар оқиғаларын тергеуге 500-ден аса ішкі істер органдары қызметкерлері тартылды, олардың ішінде тергеушілер, жедел қызметкерлер және криминалисттер.

 Ішкі істер министрлігі орталық аппаратынан жергілікті жерлерге тәжірибелі қызметкерлер жіберілді.Бірқатар қызметкерлер арнайы прокурорлар жетекшілік ететін ведомствоаралық жедел тергеу топтарының құрамдарына қосылды және олармен бірге жаппай тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушыларын анықтау бойынша жұмыс жасауда. Аталған топтар жұмысының нәтижелері бас прокуратура өкілімен айтылды, - деді ол. 

Қару-жарақтың жағдайы

Әділов атағандай, бүгінгі күні алынған қарудың жалпы саны 1 006 бірлікті және оқ-дәрі 20 307-ты құрайды.

Мысалы, жедел іс-шаралар кезінде Алматы қаласы Шаңырақ-2 шағын ауданында екі адам ұсталды, олардан 5 мың пистолет (2880 дана) және автомат (2160 дана) патрондары бар цинк жәшіктері, бронежилет, қалқан, тізеқорғағыштар түріндегі арнайы құралдар, 2 танкіге қарсы снаряд, тегіс ұңғылы қару, 7 пневматикалық винтовка, оның ішінде біреуі оптикалық көздегішімен және пневматикалық пистолет алынды, - деді ол. 

Сондай-ақ Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздіктердің бір қатысушысы ұсталды, ол анықталмаған үш адаммен топтасып түнгі уақытта «Камерат» аңшы дүкенінің бұзылған қабырғасынан кіріп отты қаруды жымқырып екі жеңіл автокөліктермен алып кеткен.  

Ұрланған мүліктің бір бөлігі, 8 тегіс ұңғылы қару оқ-дәрісімен тұрғын үйдің шатырынан табылып алынды, өзге жасырын орыннан жаппай тәртіпсіздіктер барысында қолданылған заттарды, ол сигналдық револьверді оқ-дәрісімен, жанғыш қоспалы 4 шыны бөтелкені, противогаз бен полиция қызметкерлерінің арнайы құралдарының 6 жиынтығын полиция қызметкерлері тауып алды. Сонымен қатар қылмыскерлердің ұрланған қаруды сату фактілері анықталды, - деді Санжар Әділов. 

Оның айтуынша,  барлық адам прокуратурамен келісіліп және сот санкциясымен күзетпен ұстауға алынды.

Түсіндіру жұмыстары нәтижесінде азаматтар 100 данадан аса қаруды ерікті түрде тапсырды.Қаруды ерікті түрде тапсырған адам, егер оның әрекеттерінде басқа қылмыс құрамы болмаса қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын естеріңізге саламын. Сонымен қатар жаппай тәртіпсіздіктер кезінде азаматтардың және бизнес субъектілерінің ұрланған мүліктерін іздестіру бойынша жұмыс белсенді жалғасуда, - деді Әділов. 

Ұрланған мүлік 120 млн теңгеге бағаланды 

Бүгінгі күні 120 млн теңгеден астам сомаға бағаланатын ұрланған мүліктер полицейлермен табылып алынды. Негізінен ол автокөліктер, тұрмыс техникасы, ұялы телефондар және зергерлік бұйымдар, - деді ол. 

Бұрын хабарланғандай, шабуылдаушылар тарапынан қылмыстық әрекеттердің жолын кесу және әкімшіліктер мен полиция ғимараттарына шабуылдарды тойтару барысында 3 мыңнан астам құқық қорғау органдары қызметкерлері мен әскерилер әртүрлі дене жарақаттарын алды.

Бүгін олардың 107-сі ауыр жарақаттармен, оның ішінде бас сүйегінің негізінің сынықтарымен, сұғылған пышақ жарақаттарымен, ауыр күйіктермен және өзге ауыр зардаптармен емделуде, - деді ол. 

Полицияның жұмысын жетілдіру ұсыныстары

Біз қоғамға тергеудің алдын ала нәтижелерін хабарлауды жалғастырудамыз, азаматтардың әрбір арызына,  оның ішінде полицияның жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстарға ден қоюдамыз. Бұрын атап өткендей ішкі істер органдары тергеушілерінің барлық негізгі процессуалдық шешімдері қылмыстық процестің үшбуынды моделі аясында прокурорлармен келісіледі, ал азаматтардың конституциялық құқықтарын қозғайтын әрекеттер сотпен санкцияланады, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы