ҚЗСИ-да Ираннан, Сириядан келген азаматтарды оңалту мәселесі талқыланды

3 Қараша 2021, 14:33
1266
Бөлісу:
ҚЗСИ-да Ираннан, Сириядан келген азаматтарды оңалту мәселесі талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында БҰҰ Контртеррористік Басқармасының (КТБ) Өңірлік үйлестірушісі Мурад Тангиев және КТБ Бішкек кеңсесінің мамандары Дмитрий Нурумов пен Сауле Ариповамен кездесу өтті.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан директордың орынбасары Санат Көшкімбаев, халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова, ҚСЗИ докторанты Анастасия Решетняк қатысты.

Кездесудің мақсаты КТБ-ның Орталық Азияда жүзеге асырып жатқан бағдарламалары мен жобалары туралы ақпарат беру, Орталық Азия мен Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдайы туралы пікір алмасу, Сирия мен Ирактан оралған ҚР азаматтарын оңалту және реинтеграциялау тәжірибесін талқылау, сондай-ақ Қазақстан тарапымен бірлесіп іске асырылуы мүмкін жаңа жобаларды қарау болды - деді ҚЗСИ.

Мурад Тангиев өңірдегі ахуал туралы айта келе, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласында Қазақстан көбінесе жаңашыл ел болып, проактивті шаралар қабылдайтынын ерекше атап өтті.

ҚСЗИ сарапшылары Қазақстандағы діни экстремизм мен терроризм төңірегіндегі ахуалға қатысты зерттеулер мен мониторинг нәтижелерімен бөлісті, Ауған дағдарысын азаматтар мен сарапшылар қауымдастығының қабылдауы туралы айтып берді.

БҰҰ КТБ, басқалармен қатар, өңір елдеріне олардың алдын алу және экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылда техникалық және сараптамалық қолдау көрсететіндіктен, ҚСЗИ сарапшылары сараптамалық өзара іс-қимыл жасау, экстремизмнің алдын алу практикасын жетілдіру, Сирия мен Ирактан оралған адамдарды оңалту және реинтеграциялау үшін бірқатар мүмкіндіктер ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы