Қызылордалық тұрғын телефон жұтып қойған

6 Сәуір 2021, 01:13
2329
Бөлісу:
Қызылордалық тұрғын телефон жұтып қойған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада ер адам ұялы телефон мен шегені жұтып қойып, дәрігерлердің арқасында аман қалған, деп хабарлады sputnik.kz.

Көпсалалы облыстық ауруханаға түскен ер адамның айтуынша, ол шамамен 8 сағат бұрын ұялы телефонды жұтып қойған.

Ер адамға жедел түрде іш қуысы органдарының рентгенографиясы жасалған. Науқастың асқазанынан ұялы телефонан бөлек  шеге табылған.

Телефонның батареясы өте қауіпті, ол кез келген уақытта асқазанның шырышты қабығын күйдіруі мүмкін. Мамандардың кеңесінен кейін икемді эндоскоптың көмегімен бөгде зат сәтті алынып тасталды. Оны эндоскопист дәрігер Айбек Ақбаев жасады, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Өзгелердің жаңалығы