Қызылордада ардагерлерге 1 миллион теңгеден беріледі

6 Мамыр 2021, 22:28
1114
Бөлісу:
Қызылордада ардагерлерге 1 миллион теңгеден беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада Жеңістің 76 жылдығына орай 11 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 млн. теңгеден беріледі. Бір жолғы төлем соғысқа қатысушылардың жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқа да бірқатар санаттарға қарастырылған. 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ибраева мәлімдеді.

Қазір Қызылорда облысында 11 соғыс ардагері тұрады. Атап айтқанда, Аралда – 1, Қазалыда – 3, Сырдария ауданында – 1, Шиеліде– 1, Қызылорда қаласында – 5. Сондай-ақ, аймақта Екінші Дүниежүзілік соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген 3756 ардагер бар.

Іс шаралар жоспарында онлайн-мерекелік құттықтаулар, қайырымдылық, әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсету шаралары қамтылды. Сондай-ақ, ардагерлер туралы роликтер көрсетілуде. Арнайы дайындалған билбордтар қаланың көрнекі жерлеріне, автобустарда ілініп, ардагерлердің өмір жолы жан жақты насихатталуда, - деді Айгүл Болатқызы.

Жеңістің 76 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының 11 қатысушысына облыстық бюджеттен 1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 116,6 мың теңгеден, КСРО ордені мен медалін алған 35 ардагерге облыстық бюджеттен 100 мың теңгеден, аудандық/қалалық бюджеттен 87,5 мың теңгеден, екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң, қатысушылардың 49 жұбайына 100 мың теңгеден, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген 3661 азаматқа 100 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек берілуде.

 



Өзгелердің жаңалығы