Қызылордада 1 жасар сәби кәріз суы құйылатын шұңқырға құлап кетті

9 Мамыр 2021, 05:55
1559
Бөлісу:
Қызылордада 1 жасар сәби кәріз суы құйылатын шұңқырға құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы Шиелі ауданында жеке тұрғын үйдегі кәріз суы құйылатын шұңқырға бір жастағы сәби түсіп кетті.

Оқиға Шиелі ауданы Қодаманов ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде болды. 

Сол тұрғын үйдің ауласында орналасқан септикке 2019 жылы дүниеге келген сәби түсіп кеткен. Оны ата-анасы өздері шығарып алған. Сәби аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр, – деп мәлім етті Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Өзгелердің жаңалығы