Қызылорда облысына Араб Әмірлігінен 5000 «Hayat-Vax» екпесі жеткізілді

4 Мамыр 2021, 20:51
1013
Бөлісу:
Қызылорда облысына Араб Әмірлігінен 5000 «Hayat-Vax» екпесі жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысына «Спутник V», «QAZVAC»-қа қосымша Араб Әмірлігінен 5000 «Hayat-vax» екпесі әкелінді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда аймақта барлығы 15128 вакцина бар. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте мәлімдеді.
«Спутник V» -20 %-та сақтауды талап етсе, «QAZVAC» пен «Hayat-vax» екпелері +2, +8 %-та сақтауды қажет етеді. Сол себепті бұл екпелер тасымалдап салу үшін өте тиімді. Бұл ретте емхана жылжымалы бригадалары халыққа қолжетімді жерлерде, сонымен қатар шалғай ауыл-аймақтарды аралап екпелеу жұмыстарын жүргізуде. Бүгіннен бастап Қорқыт ата сауда орталығында жылжымалы егу бригдасы өз жұмысын бастады. Қосымша «Aray City MALL», «Жібек Жолы», «Қызылорда» сауда үйлері мен театр, банктерде өз жұмысын жалғастыратын болады. Баршаңызға ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана, қауіпті кеселге тойтарыс бере алатынымызды айтқым келеді. Екпе сізді және жақындарыңызды кеселден қорғай алады. Осыған сену керек, түрлі қауесеттерге құлақ түрудің қажеті жоқ, - деді Сәбит Бексейітұлы.

Өңірде індет жұқтырғандардың саны 5794-ке жетті. Облыс бойынша инфекциялық стационарда 430 науқас, реанимациялық бөлімде 39 науқас ем қабылдап жатыр. Облыста 1 сәуірге дейін 215 инфекциялық төсек-орын болса, қазіргі таңда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың көбеюіне байланысты төсек орын саны 770-ке жеткізілді.

Осы ретте коронавирус инфекциясы белгілі болып, ол туралы емханасына немесе дәрігерге хабарламай, үйден өздігінен ем қабылдап жатқандар қатарынан «Covid-19» көптеп анықталып жатқанын айтқым келеді. Сол себепті барша тұрғындардан ауру белгісі байқалған сәттен, дәрігерге қаралып, дер кезінде ем бастауды сұраймыз, - деді Сәбит Пазилов.

Облыста коронавирус инфекциясына қарсы 49 386 адам екпе салдырды. Мамандар бетпердені шешіп, бұрынғы өмір қайта келу үшін жалпы аймақ бойынша 371 мың адам коронавирусқа қарсы екпе алуы керектігін айтуда. Қазіргі таңда халықтың 14 пайызы вакцина алған.

Өзгелердің жаңалығы