5 пәтер, 6 коттедж, 11 люкс көлік: Полиция Kizdar.net ұйымдастырушыларынан қандай мүлік табылғанын айтты

Тергеу барысында күдіктілердің атына шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтін сегіз компания тіркелгені анықталған.

Бүгiн 2026, 17:08
АВТОР
 Видеодан кадр Бүгiн 2026, 17:08
Бүгiн 2026, 17:08
394
Фото: Видеодан кадр

Алматы қалалық Полиция департаменті Kizdar.net сайтына қатысты тергеу аясында күдіктілердің иелігіндегі қымбат мүліктер туралы мәлімет жариялады.

Ведомствоның хабарлауынша, тергеу барысында күдіктілердің атына шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтін сегіз компания тіркелгені анықталған.

Сонымен қатар олардың Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында орналасқан қымбат бағалы жылжымайтын мүлікке иелік еткені белгілі болды. Атап айтқанда, күдіктілердің меншігінде бес пәтер, алты коммерциялық нысан, алты коттедж, он жер телімі және алты автотұрақ орны болған.

Бұдан бөлек, олардың атына тіркелген 11 люкс санатындағы автокөлік анықталған.

Полицияның мәліметінше, қылмыстық жолмен алынған болуы мүмкін мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету және активтердің заңдастырылу белгілерін тексеру мақсатында күдіктілер мен олармен байланысты компаниялардың мүлкіне қатысты мәмілелер уақытша тоқтатылған.

Қазіргі уақытта аталған мүліктерге шектеу қойылып, тиісті ауыртпалықтар салынған.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Еске салайық, 15 маусымда атышулы Kizdar.net сайтының ұйымдастырушылары ұсталғаны хабарланған болатын. 

Аталған сайттың интернет желісі арқылы жеңгетайлықты жарнамалау және насихаттау, сондай-ақ азаматтарды заңсыз қызметке тарту мақсатында пайдаланылғаны анықталды.

Наверх