Қытайдағы шахтада жарылыс болып, кеншілер үйінді астында қалды

12 Қаңтар 2021, 11:15
1372
Бөлісу:
Қытайдағы шахтада жарылыс болып, кеншілер үйінді астында қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше оқиға Шаньдун провинциясында болды. Құтқарушылар шахтаның жұмысшыларымен байланыс орнатуға тырысып жатыр, деп хабарлады Global Times газеті.

Қытайдың шығысында орналасқан алтын өндіретін шахтасында жарылыс болды, нәтижесінде 22 кенші жер астында қалып қойған. 

Жергілікті биліктің айтуынша, шахтада болған жұмысшылармен байланыс орнату әлі мүмкін болмай отыр.

Еске салайық, желтоқсан айының басында Қытайда 18 адам көмір шахтасындағы апаттан қайтыс болды. Адамдар көмірқышқыл газынан уланған.

Өзгелердің жаңалығы