Қытайда су тасқынынан қаза тапқандардың саны 58-ге жетті

25 Шілде 2021, 04:40
1274
Бөлісу:
Қытайда су тасқынынан қаза тапқандардың саны 58-ге жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Хэнань провинциясында толассыз жауған жаңбырдан кейінгі су тасқынынан қаза тапқандардың саны 58-ге жетті. Бұл туралы RT хабарлайды.

Табиғи апаттан 9,3 миллионнан астам адам зардап шеккен. 1,1 миллионнан астам провинция тұрғындары қауіпсіз аймақтарға көшірілді.

Бұған дейін ауа райының қолайсыздығынан 56 адам құрбан болған.


Өзгелердің жаңалығы