Қытайда химия зауытындағы апаттан бес адам қаза тапты

28 Ақпан 2021, 18:02
1370
Бөлісу:
Қытайда химия зауытындағы апаттан бес адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Цзилинь провинциясында химиялық зауытта газ ағып, бес жұмысшы қаза тапты, тағы сегізі зардап шекті, деп хабарлайды «Синьцзинбао» газеті. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, ТЖ себебі цехтардың бірінде желдету жабдығының кенеттен бұзылуы болған.

Барлық зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Олар уланудың әртүрлі дәрежесін алды. Полиция тергеу жұмыстарын бастады.

Қазір зауытта апат жойылды. Газдың ағып кету орны өңделіп, экологтар зиянды газдың бар-жоғын анықтағанға дейін желдету жүйесі қалпына келтірілді.

Өзгелердің жаңалығы