Қытайда балмұздақтан коронавирус анықталды

17 Қаңтар 2021, 07:24
1545
Бөлісу:
Қытайда балмұздақтан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Тяньцзинь муниципалитетінде сатуға дайындап қойған балмұздақтардан алғаш рет коронавирус табылды.

Бұл туралы Sky News хабарлады. Нақтылай келіп, балмұздақ шығаратын жергілікті компания өндіріс барысында Жаңа Зеландиядан әкелінген құрғақ сүт пен Украинадан жеткізілген сарысуды пайдаланғаны анықталды. 

Балмұздақтың бұл партиясы дереу тәркіленіп, адамның қолы жетпейтін жерге қойылды. Қазір санэпидемқызмет өнімді тұтынған болуы мүмкін адамдарды тексеру үшін іздестіріп жатыр. 

Ал Лидс Университетінің вирусологы, доктор Стивен Гриффин «бұл жағдай тек бір рет қана кездесетін дерек» деп болжады, ал вирустың балмұздақтардан шығуының себебі – оларды COVID-19 жұқтырған адам ұстаған болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы