Қытай жаңалықтарынан кейін мұнай қайтадан қымбаттай бастады

15 Наурыз 2021, 18:39
1960
Бөлісу:
Қытай жаңалықтарынан кейін мұнай қайтадан қымбаттай бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаңтар-ақпан айларында Қытайда мұнайға деген сұраныс 17%-ға, тәулігіне 13,326 млн баррельге дейін өсті, деп жазды korrespondent.net.

Эталондық маркалардың мұнайға әлемдік бағасы жұмыс аптасының басында Қытайдан келген күшті макростатистикалық деректер себебінен тұрақты өсуде. Бұған 15 наурыздағы таңертеңгі сауда-саттық деректері дәлел.

Мәселен, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent-тегі мамыр фьючерстері $0,70 (1,01%) - барреліне $69,92-ға дейін өсті. Жұма күні бұл мұнай бағасы $0,41 (0,6%) – барреліне $69,22-ге дейін арзандады.

Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық сессиясында WTI фьючерстерінің құны $0,67 (1,02%) – барреліне $66,28 дейін көтерілді. Алдыңғы сессияның қорытындысы бойынша бұл келісімшарттар $0,41 (0,6%) – барреліне $66,61-ға дейін арзандады.

Brent және WTI брендтерінің қазіргі келісімшарттары арасындағы спрэд Brent пайдасына $3,64 құрайды.

Bloomberg мәліметтері бойынша, Қытайда өнеркәсіптік өндіріс, бөлшек сауда 2021 жылдың алғашқы екі айында 2020 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда күрт өсті. Ресми деректер бойынша, өндіріс көлемі қаңтар-ақпанда 35,1%-ға, бөлшек сауда-33,8%-ға өсті. 

Қаңтар-ақпанда Қытайда мұнайға сұраныс 17%-ға, тәулігіне 13,326 млн баррельге дейін өсті. Бұл ретте елдегі сұраныс авиациялық отынды тұтынудың артуы аясында өсе беруі ықтимал. Ресми мәліметтерге сәйкес, ақпан айында ҚХР-ға әуе тасымалдарының көлемі бір жыл бұрынғыға қарағанда үш есе жоғары болған.

Естеріңізге сала кетейік, бір апта бұрын мұнай құны 71 доллардан асқан болатын. Мұнай фьючерстерінің күрт өсуі ОПЕК+-тің сәуір айында өндірісті арттырмау туралы шешім қабылдағанынан кейін басталды.

Алайда кейінірек мұнай екі күнде төрт долларға арзандады, барреліне 67 доллардан төмен болды.

Өзгелердің жаңалығы