Ресейлік жұмыртқалар кері қайтарылды

15 Наурыз 2021, 18:25
2329
Бөлісу:
Ресейлік жұмыртқалар кері қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік ветеринариялық инспекторлар Қазақстанға заңсыз өткізілмек болған ресейлік 36 мың дана жұмыртқаны кері қайтарды, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі. 

2021 жылы 11 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының сыртқы бақылау пунктінде ветеринариялық заңнаманы бұза отырып тасымалданған 36 000 дана жұмыртқаны өткізудің алдын алды. Өнім Ресей Федерациясынан, Орынбор облысынан ЕАЭО талаптарына сәйкес келмейтін ветеринарлық сертификатпен еліміздің ірі қалаларының біріне жіберілген. Заңға сәйкес жүк экспорттаушы елдің аумағына қайта қайтарылды, - делінген хабарламада. 

Бүгінде Қазақстан Сыртқы мемлекеттік шекарасында 31 Ветеринариялық бақылау бекеті орналасқан. Ал Ресей-Қазақстан және Қырғыз-Қазақстан учаскелерінде 32 Ветеринариялық бақылау бекеті бар.

Айта кетсек, 2021 жылдың басынан бастап жүк тасымалы барысында ветеринариялық-санитариялық ережелерді бұзғандарға 3 325 380 теңге айыппұл салынды.

Өзгелердің жаңалығы