Қырғызстан. Президенттікке үміткерлер атына 61 шағым түсті

10 Қаңтар 2021, 10:40
1892
Бөлісу:
Қырғызстан. Президенттікке үміткерлер атына 61 шағым түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қырғызстанда кезектен тыс президенттік сайлау мен референдум басталды

Президент сайлауы мен референдумға арналған сайлаушылардың бірыңғай тізімі бар. Онда 3 млн 544 мың адам тіркелген. Жедел әрекет ету үйлестіру тобына 10 қаңтарда президенттікке үміткерлерге 61 шағым түсті, деп хабарлады 24.kg.

Сайлау комиссиясының мүшесі Тынчтык Шайназаровтың айтуынша, ең көп шағым кандидат Садыр Жапаровқа келіп түскен.

Негізінен шағымдар үгіт-насихат іс-шаралары кезінде бұзушылықтар туралы болды. Соңғы күндері азаматтарға қандай да бір кандидатқа дауыс беруге мәжбүрлеу қаупі туралы хабарламалар тарады. Екі факт - Ош облысының Қара Суй және Араван аудандарында тіркелді. Осы хабарламалар бойынша ішкі істер органдары тергеуге дейінгі тексеріс жүргізіп, қылмыстық іс қозғалды, - деді Тыншық Шайназаров.
Өзгелердің жаңалығы