Қырғызстан президенті халықтың басқару формасын таңдау құқығы барын айтты

11 Сәуір 2021, 18:06
2151
Бөлісу:
Қырғызстан президенті халықтың басқару формасын таңдау құқығы барын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қырғызстан тарихында алғаш рет халыққа мемлекетте басқару формасын таңдау құқығы берілді, деп мәлімдеді.

Қырғыз Республикасының тәуелсіздік тарихында алғаш рет халыққа басқару формасын таңдау құқығы берілді, - деді Жапаровтың халыққа үндеуі кезінде. 

 Ол елде негізгі заңды өзгерту қажеттілігі туындағанын атап өтті.

Оның айтуынша, Конституцияның жаңа жобасын әзірлеуге ғылыми қоғамдастық, қоғамның белсенді және көрнекті өкілдері қатысты.

Айта кету керек, бүгін Қырғызстанда 28 қала мен 420 аймақта жергілікті Кенеш депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Сонымен бірге республиканың жаңа Конституциясы бойынша референдум өткізілуде. Негізгі заңға 81 түзету енгізілмек.

Қырғызстан Конституциясын өзгерту жөніндегі референдумға және жергілікті сайлауға сайлаушылардың келуі 16.00-дегі жағдай бойынша жергілікті сайлауға сайлаушылардың келуі 25,81 пайызды құрады.

ТАСС агенттігінің жазуынша, бұған дейін Садыр Жапаров конституциялық референдум мен жергілікті сайлауда дауыс берген.

Өзгелердің жаңалығы