Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан зардап шеккендердің саны айтылды

3 Мамыр 2021, 13:25
2178
Бөлісу:
Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан зардап шеккендердің саны айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәжікстанмен шекарадағы қақтығыстан зардап шеккен қырғыз азаматтарының саны 183-ке дейін жетті. Бұл туралы брифингте республиканың Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ализа Солтонбекова мәлімдеді деп хабарлады 24.kg.

Оның айтуынша, зардап шеккендердің  99-ы елдегі ауруханаларда емделіп жатыр. 

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі қақтығыстан Қырғызстанның 34 азаматы қаза тапқанын, оның ішінде 13 жастағы қыздың бар екенін хабарлаған.

Тәжік тарапы бейресми түрде 150-ден астам жараланған және 10-ға жуық адам қаза тапқанын жариялаған.

Естеріңізге сала кетейік, шекарадағы қақтығыс 28 сәуірде Баткен облысының Көк-Таш ауылындағы Головной су тарату пункті аймағында басталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы