Қылмыс ашып, тергеу жүргізбейді. Тұрғымбаевтың тағы бір заң жобасы Мәжілісте қабылданды

19 Мамыр 2021, 15:38
1519
Бөлісу:
Қылмыс ашып, тергеу жүргізбейді. Тұрғымбаевтың тағы бір заң жобасы Мәжілісте қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» заң жобасы қабылданды.

Фельдъегерлік қызметті ұйымдастыратын құзырлы орган – премьер-министрдің кеңсесі. Бұл қызметтің міндеті – Үкіметтің хат алмасу жұмысын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың аса маңызды әрі құпия хаттарын тасу, арнайы пошталарды ТМД-ға мүше елдерге жеткізу. Бұл бөлімнің қызметкерлері ішкі істер органдарының кадрында тіркелген. Сондықтан олар қарумен, формамен және арнайы құралдармен қамтамасыз етіледі. Бірақ ішкі істер органдарының қызметкерлері сияқты қылмыс ашып, тергеу жүргізбейді, - дейді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, жобасын даярлау кезінде халықаралық тәжірибе зерттелді. Бірқатар елде фельдъегерлік байланыс туралы арнайы заң қабылданған.

Атап айтсақ, Ресей, Тәжікстан, Молдова, Түркіменстан, Әзербайжан, Армения мемлекеттері. Біз дайындаған заң жобасының мақсаты – фельдъегерлік қызметтің құқықтық мәртебесін бекіту, ТМД елдері арасында осы фельдъегерлік тәжірибені енгізу. Сондай-ақ қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері үшін әлеуметтік кепілдіктер бекіту. Ол үшін 16 млн 842 мың теңге үш жылға қарастырылған, - дейді министр.

Заң жобасының негізгі ережелері:

1) фельдъегерлік байланыстың міндеттері мен қағидаттарын заңнамалық бекітуге;

2) Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет (МФҚ) қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін айқындауға;

3) МФҚ қызметкерлерінің құқықтық жағдайын регламенттеуге;

4) МФҚ қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктерін белгілеуге бағытталды.

Өзгелердің жаңалығы