Күзгі әскерге шақыру қалай жүзеге асырылады?

26 Тамыз 2021, 13:00
3915
Бөлісу:
Күзгі әскерге шақыру қалай жүзеге асырылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ҚК БШ Ұйымдастыру жұмылдыру жұмыстар департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов айтты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 5 ақпандағы Жарлығына сәйкес, биыл бірінші қыркүйектен бастап азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру іс-шаралары басталады. Президенттің тапсырмасына сәйкес, Қорғаныс министрлігінде өткен жылдармен салыстырғанда Қарулы Күштерге әскерге шақырылушылардың санын кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланғанын айта өту қажет, - деді Жүсіпов.

Оның айтуынша, қолданыстағы заңға сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

Жылдың соңына дейін жалғасатын күзгі әскерге шақыру кампаниясы барысында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіз жоқ, жасы он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі он жеті мыңға жуық жас жігіт толықтырады. Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, қамтамасыз ететін азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі, - деді ол.

Сәкен Жүнісов айтқандай, мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін запасқа шығару олар әскерге шақырылған күннен бастап он екі ай өткеннен кейін жоспарлы түрде жүргізілетін болады.

Осымен екінші жыл, әскерге шақыру компаниясы пандемия жағдайында өткізіліп жатыр. Әскерге шақыру және жиын пункттерінде коронавирус инфекциясының алдын алудың және оның таралуына жол бермеудің практикалық тәжірибесі пысықталған. Өткен әскерге шақыру компаниясындағы сияқты әскерге шақырылушыларға ПТР зерттеуі екі рет жүргізілетін болады, яғни, әскерге шақыру кезінде жиын пункттерінде және олар әскери бөлімдерге келген кезде белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық шектеулерді сақтау, медициналық маскалармен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету ұдайы Қорғаныс министрінің бақылауында, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы