Күзге қарай дизель отынының тапшылығы болуы мүмкін –Тоқаев

14 Шілде 2022, 12:47
1462
Бөлісу:
Күзге қарай дизель отынының тапшылығы болуы мүмкін –Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тоқаев үкімет пен Бәсекелестікті қорғау агенттігіне транзиттік тасымалдау үшін және шекара периметрі бойынша мұнай өнімдерінің сараланған бағасын әзірлеуді тапсырды.

Оның  айтуынша, бұл шара көрші елдермен арадағы баға тұрақсыздығын төмендетеді және еліміздегі бағаға қатты әсер етпейді.

Сарапшылардың бағалауынша, күзге қарай елімізде дизель отынының тапшылығы болуы мүмкін. Бұл жағдай ауыл шаруашылық өнімдерін жинау кезде жылда қайталанады. Үкіметтің басты уәжі – шекараласатын көрші елдің тұрғындары біздің нарықтағы отынды транзит арқылы алып кеткен болып шығады, - деді Президент.

Қ. Тоқаевтың айтуынша, бұл төңіректегі проблема тереңде, отандық мұнай өнімдерін жақын орналасқан елдің тұрғындары ұйымдасқан схема бойынша жылда алып кетеді.

Қаржы мониторинг агенттігі бұл мәселені шешуі керек. Бұнымен нақты кім айналысатыны туралы мәліметті маған беріңдерші. Содан кейін барып шешуші шешімді шығарамыз, - деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы