Күзде дүниеге келген адамдар ұзақ өмір сүреді

13 Қазан 2023, 13:28
1437
Бөлісу:
Күзде дүниеге келген адамдар ұзақ өмір сүреді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Ғалымдар адамның туған айы мен өмір сүру ұзақтығының арасында байланыс бар екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ғалымдардың айтуынша, күзде дүниеге келген адамдар ұзақ жасайды. Осы зерттеуге қатысты ғылыми мақала Royal Society Open Science журналында жарияланды.

Америкалық ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес күзде дүниеге келген адамдардың арасында ұзақ жасағандар көп. Өмір сүру ұзақтығы бойынша олар қыста, жазда және көктемде туғандарды басып озған. Көктемде дүниеге келгендердің көрсеткіштері ең төмен болған: күзде туғандармен салыстырғанда 40 пайызға төмен.

Сондай-ақ ғалымдар түрлі ауруларға қатысты жүргізген зерттеулерімен бөлісті. Олардың пайымдауынша, түрлі аурулар адамның дүниеге келген мезгілімен байланысты. Мәселен, жазда туған адамдар аллергияға және көз ауруларына жиі ұшырайды, ал қыста дүниеге келгендер - психикалық бұзылыстарға бейім болады дейді.

Бұл ретте зерттеу жұмысының авторлары адамның туған күні оның қанша жасайтынын және қандай аурулармен ауыратынын нақты анықтамайтынын атап өтті. Олар адамның ұзақ өмір сүруіне оның әдеттері, өмір сүру салты көбірек әсер ететінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы