Күздің алғашқы күніне арналған ауа райы болжамы

1 Қыркүйек 2019, 09:02
1402
Бөлісу:
Күздің алғашқы күніне арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. 

Синоптиктердің мәліметінше, кей жерлерде жаңбыр кезінде найзағай жарқылдайды. Тек республиканың оңтүстік, оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз. 

Сонымен қатар, республика бойынша тұман түсіп, жел күшеюі, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. 

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, тұман түсіп, жел 15-20  м/с-ке дейін жетеді. Ақмола облысында бұршақ жаууы мүмкін.  

Солтүстік Қазақтан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. 

Қарағанды, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде 18 м/с-ке дейін жел күшейеді. 

Күндіз Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда, 

Түркістан облыстарында, Жамбыл, Қарағанды, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде,  Павлодар облысының солтүстігінде өрт шығу қаупі өте жоғары.

Естеріңізде болса, бұған дейін қыркүйек айына арналған ауа райы болжамын жариялағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы