"Қуырдақтың көкесі". Түрмеге телефон кіргізбек болды

13 Ақпан 2021, 22:39
1508
Бөлісу:
"Қуырдақтың көкесі". Түрмеге телефон кіргізбек болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атыраудағы УГ-157/1 мекемесінің тергеу изоляторына әкелген заңсыз сәлемдемелерін өткізбек болғандар жазаланды. Бұл туралы Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Мәселен, қаңтарда 38 жастағы қала тұрғыны тергеу изоляторында ұрлық жасағаны үшін сотқа дейін ұсталып отырған танысына 3 ұялы телефон, 2 дана құлаққап пен интернет-модем бермек болған. Сондай-ақ, 23 жастағы жігіт те тергеу изоляторында отырған досына 4 ұялы телефонды азық-түліктің арасына жасырып, өткізбек болған. Ал ақпанда 55 жастағы әйел «Трамадол» дәрілік затын тамаққа тығып өткізбек болғаны анықталды‚ - дейді күзет және режим бөлімінің бастығы Асылбек Рахманов.

Оның айтуынша, Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен түрмеге заңсыз сәлемдеме әкелгендерге ескерту, айыппұл салу түріндегі жазалар қолданылды.

Өзгелердің жаңалығы