Кувейт Қазақстанмен арада әуе рейсін ашуға ұсыныс жасады

4 Наурыз 2019, 11:45
1740
Бөлісу:
Кувейт Қазақстанмен арада әуе рейсін ашуға ұсыныс жасады

Астана, BAQ.KZ. Кувейт Қазақстанға тікелей әуе рейсін ашуға ұсыныс білдірді. Бұл жөнінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 


«Кувейттік тарап Қазақстан мен Кувейт арасында тікелей әуе рейсін  ашуға ұсыныс жасады. Бұл екі ел арасындағы экономикалық, гуманитарлық және мәдени байланысты дамытуға серпін береді және туризмді дамытуға ықпал етеді», - деп жазылған хабарламада. 

Мұндай оң мәселе ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың Кувейт Сыртқы істер министрлігінің басшысы шейх Сабах әл-Халед Ас-Сабахпен кездесуінде қозғалды. 

Атап өткендей, кувейттік дипломат БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде атқарған жұмыстарына, сондай-ақ, осы халықаралық ұйым алаңында екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық деңгейі үшін алғыс білдірді. 

«Тараптар екіжақты серіктестік мәселелерін, соның ішінде, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды қарқынды ету жайын талқылады», - деп жазылған хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы