Күткен есемізді алдық - Назарбаев

15 Желтоқсан 2021, 17:03
1048
Бөлісу:
Күткен есемізді алдық - Назарбаев

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналаған іс-шарада мәлім етті.

Іс-шарада Елбасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тілек білдірді.

Президентімізге зор денсаулық , үлкен табыс , халықтың қуанышына бөленіңіз деп тілек тілеймін, -деді Елбасы.

Сондай-ақ Тұңғыш Президент Тәуелсіздіктің маңыздылығына тоқталды,

Тұңғыш Президент ретінде өздеріңіз білесіздер,  күн-түн демей, туған халықпен бірге тынымызсыз тер төккен толассыз орай кешкен кештердің әр сәті менің жадымда. Өшпестей жазулы тұр. Ақ түйенің қарны жарылған ақжолтай күн, азаттық алған шағымыз көз алдымда тұр.  Егемен еліміздің дербес дәуірі, салтанатты сапары сол тарихи күннен бастау алады. Тәңірге тәубе, көздегенімізбен , көксегенімізге жеттік. Көктен тілегеніміз көп, күткен есемізді алдық, - деп атап өтті Н. Назарабев.

Өзгелердің жаңалығы