Күшіміз ынтымақ пен бірлікте – Дәулет Уранхаев

10 Қаңтар 2022, 18:25
1167
Бөлісу:
Күшіміз ынтымақ пен бірлікте – Дәулет Уранхаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі уақытта Швейцарияда, әлемдегі ең ірі спорт қауымдастықтарының бірінде жұмыс істейтін отандасымыз Дәулет Уранхаев еліміздегі жағдай үшін алаңдайтынын жеткізді.

Өз сөзінде ол жастарды ел Президентін қолдауға шақыратынын айтты.

Менің Қазақстаннан таныстарым мен достарым көп. Олар әлемнің түрлі елдерінде оқиды және жұмыс істейді. Мен сияқты олар да біздің еліміздің болашағы үшін алаңдайтынын білемін. Лаңкестік басталғанда мен туған қалам Семейде болдым. Бірақ елордаға аман-есен жеткеніме қуаныштымын. Еліміздегі бейбітшілік пен тыныштық болғанын қалаймын. Қиындыққа толы әрі белгісіздік жағдайында Мемлекет басшысы қажетті шешімдерді қабылдады. Ел үшін алаңдайтын адамдардың бойынша сенім ұялатты деп есептеймін. Сондай-ақ достарым мен таныстарымды, әсіресе қазақстандық жастарды бейбітшілік пен тәртіпті орнатып жатқан Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдауға шақырамын. Қазір сөз таластырып, дау шығаратын уақыт емес. Күшіміз ынтымақтастық пен бірлікте, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы