Күршімде су шайған жолдар қалпына келтірілді

15 Наурыз 2024, 19:50
316
Бөлісу:
Күршімде су шайған жолдар қалпына келтірілді

Наурыздың 13-і күні облыстық маңызы бар Күршім-Ақсуат жолының 7-ші шақырымында және Күршім-Қалжыр жолының 19-шы шақырымында еріген қар суы жолды шайып кеткен болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.


Жағдайды жергілікті атқарушы билік пен төтенше жағдайлар қызметі бақылауына алып, тиісті жұмыстар дереу жүргізілген.

Нәтижесінде Күршім-Ақсуат жолына топан судың ағынын бұрып, бір арнаға бағыттау үшін жолға диаметрі 1 метр, ұзындығы 10 метр болатын су өткізгіш құбыр орнатылды.

Жол бойындағы қозғалыс 2 сағатқа шектелді. Қазір су деңгейі төмендеп, жол қозғалысының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді, - дейді ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі.

Күршім-Қалжыр жолына да диаметрі 1 метр су өткізгіш құбыр орнатылған. Алайда ол еріген қар суына төтеп бере алмады.

Жол жиегіне палаткалар төселіп, судың бағытын бұрды. Қазір аталған жол учаскелері бақылауға алынған, ешқандай қауіп жоқ, - дейді басқарма мамандары.

ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, облыстың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілген. Инертті материалдардың қажетті қоры дайындалған. Техникалар жеткілікті.

Өзгелердің жаңалығы