Күріштің нарықтағы бағасы егіс көлеміне байланысты белгіленеді

Бөлісу:
Күріштің нарықтағы бағасы егіс көлеміне байланысты белгіленеді
Фото: автордан Орталық коммуникациялар қызметі

Сырдариядағы су тапшылығының салдарынан соңғы екі жылда күріш егістігінің саны азайып кеткен. Егер су тапшылығы жалғаса берсе, өнімнің бағасы өсуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы «ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Күріштің нарықтағы бағасы егіс көлеміне байланысты белгілі болады. Біздің тарапымыздан әкімдікке күріш дақылының егіс алқаптарының көлемін қысқарту бойынша ұсыныстар берілді. Бассейндік инспекциямен тұрақты суару үшін суды пайдалану лимиті қысқартылды. Қолда бар сумен дақылдарды суғарып, өнімдерді шығынға ұшыратпау мақсатында жұмыс жүргізіліп жатыр. Шардара су қоймасына судың аз түсуіне байланысты Қызылорда облысында да шілде айында суармалы жерлерді, әсіресе, күріш алқаптарын сумен қамтамасыз ету бойынша жағдайдың күрделі болып отырғаны рас, – дейді ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов. 

Еске салайық, қазіргі уақытта министрлік су тапшылығын жою үшін су қоймаларынан санитарлық су жіберуді жүзеге асыруға мәжбүр.

Өзгелердің жаңалығы