Күрестен Азия чемпионатының жеңімпаздарына қанша доллар беріледі

7 Сәуір 2023, 16:01
2065
Бөлісу:
Күрестен Азия чемпионатының жеңімпаздарына қанша доллар беріледі
Фото: olympic.kz

Астанада 9-14 сәуір күндері күрес түрлері бойынша Азия чемпионаты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенованың айтуынша, жарысқа Азия құрлығының 24 елінен 300-ден аса спортшы қатыспақ.

Бұл дүбірлі дода лицензиялық емес, дегенмен Азия ойындары мен Әлем чемпионаты алдындағы негізгі жарыстың бірі. Біздің елдің намысын күрестің үш түрі бойынша барлық салмақ дәреджесінде 30 спортшы қорғайды. Азия чемпионатында жеңіске жеткен балуанға 2300 доллар, күміс жүлдегерге 1400 доллар және 3-ші орын алған спортшыға 900 доллар сыйақы қарастырылған, - деді Айгүл Бектенова.

Оның айтуынша, мұндай сыйақы жаттықтырушыларға да беріледі. Сондай-ақ жеңімпаздарға "халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атағы қарастырылған.

Елімізде өтетін Азия чемпионатының боз кілеміне алғашқы болып грек-рим күресінің шеберлері шығады. 9 сәуірде 60, 67, 72, 82 және 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі балуандар шықса, 10 сәуірде 55, 63, 77, 87 және 130 келі салмақта күресетіндер сынған түседі.

11-12 сәуір аралығында боз кілемге әйелдер шығады. Бірінші күні 50, 55, 59, 68 және 76 келідегі спортшылар, екінші күні 53, 57, 62, 65 және 72 келі салмақтағылар сынған түседі.

Ал сәуірдің 13-14 аралығында еркін күрестен жарыс өтеді. Бірінші күні 57, 65, 70, 79 және 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі балуандар күрессе, жарыстың соңғы күні 61, 74, 86, 92 және 125 келіге дейінгі спортшылар бақ сынайды.

Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы келесідей:

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ 
55 келі - Аманғали Бекболатов (СҚО)
60 келі - Ернұр Фидахметов (ШҚО)
63 келі - Мұхамедәлі Мамырбек (Шымкент қаласы)
67 келі - Алмат Кебіспаев (Қарағанды облысы)
72 келі - Ибрагим Магомадов (Қарағанды облысы)
77 келі - Демеу Жадыраев (Алматы облысы)
82 келі - Диас Қален (Жетісу облысы)
87 келі - Нұрсұлтан Тұрсынов (Абай облысы)
97 келі - Олжас Сырлыбай (Қызылорда облысы)
130 келі - Әлімхан Сыздықов (Шымкент қаласы)
Бас бапкер - Серік Жұмашев

ЕРКІН КҮРЕС 
57 келі - Рахат Қалжан (Жамбыл облысы)
61 келі - Нұрболат Әбдуалиев (Түркістан облысы)
65 келі - Мұхтар Санжар (Жамбыл облысы)
70 келі - Санжар Досжанов (Астана қаласы)
74 келі - Дархан Есенғали (Шымкент қаласы)
79 келі - Болат Сақаев (Атырау облысы)
86 келі - Азамат Дәулетбеков (ШҚО)
92 келі - Ризабек Айтмұхан (Алматы қаласы)
97 келі - Бекзат Үркімбай (Астана қаласы)
125 келі - Юсуп Батырмурзаев (Ақтөбе облысы)
Бас бапкер - Мадияр Құрамысов

ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІ 
50 келі - Эллада Махяддинова (Ақмола облысы)
53 келі - Алтын Шағаева (Алматы облысы)
55 келі - Марина Седнева (Алматы облысы)
57 келі - Нилуфар Раимова (Түркістан облысы)
59 келі - Диана Каюмова (Астана қаласы)
62 келі - Ирина Кузнецова (Ақмола облысы)
65 келі - Альбина Қайыргелдинова (Ақмола облысы)
68 келі - Елена Шалыгина (Шымкент қаласы)
72 келі - Жамила Бақбергенова (Астана қаласы)
76 келі - Эльмира Сыздықова (Қарағанды облысы)
Бас бапкер - Қайрат Сағадиев

Айта кетейік, Азия чемпионаты алғаш рет 1979 жылы еркін күрестен ғана өткен еді.  Екі жылдан кейін Сары құрлықтағы мықтыны грек-рим күресінің балуандары анықтай бастады. Әйелдер күресінен Азия чемпионаты 1996 жылдан бері өткізіліп келеді.

Өзгелердің жаңалығы