Күрестен әлем чемпионатына қатысатын қыздар құрамы белгілі болды

24 Қазан 2019, 10:39
2065
Бөлісу:
Күрестен әлем чемпионатына қатысатын қыздар құрамы белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күрес түрлерінен Венгрияның Будапешт қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлады Olympic.kz сайты.

Дүниежүзілік біріншілік 28 қазанда басталып, 3 қарашаға дейін созылады. Әйелдер күресінен ел намысын дүбірлі додада 9 спортшы қорғайды.

Олар: 50 келі - Светлана Анкичева,  55 келі – Марина Седнева, 57 келі  - Алтынай Сатылған, 59 келі – Мадина Бақбергенова, 62 келі – Ирина Кузнецова, 65 келі – Дариға Абен, 68 келі – Альбина Қайыргельдинова, 72 келі – Жамиля Бақбергенова, 76 келі – Александра Зайцева.
Өзгелердің жаңалығы