Күрделі жөндеу нысандарына қосымша техника мен жұмысшы маман жұмылдырылды

11 Тамыз 2022, 13:03
1387
Бөлісу:
Күрделі жөндеу нысандарына қосымша техника мен жұмысшы маман жұмылдырылды
PHOTO

Батыс Қазақстан өңіріндегі  күрделі жөндеу нысандарында арнайы  техника мен  жұмысшы  саны  екі есе артты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

"ҚазАвтоЖол "ҰК"АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 245 шақырымды қамтитын   "Қазталов – Жәнібек» (РФ шекарасы) және "Өнеге-Бисен-Сайқын" республикалық маңызы бар  жол құрылыстары жалғасуда. Биыл өңірде жүріп жатқан күрделі жөндеу нысандарындағы жол жұмысшылары мен арнайы техника саны екі есеге артып отыр.   Қазіргі таңда жол құрылысына  600-ден астам арнайы техника мен 700-ге жуық жолшы маман жұмылдырылды.

Күрделі жөндеу нысандарына қосымша техника мен жұмысшы маман жұмылдырылды

Қазір  бұл жолдардың 100 шақырымы дайын. Құрылыс маусымының соңына дейін аталмыш жолдардың тағы 50 шақырымы қолданысқа берілмек. Сондай-ақ көпір  мен мал өткелдерін салу жұмыстарында  айтарлықтай ілгерлеу бар.  "Қазталов-Жәнібек» (РФ шекарасы) тас жолы бойындағы  көпірлер  70 %-ға дайын. 

Күрделі жөндеу нысандарына қосымша техника мен жұмысшы маман жұмылдырылды

Жұмысты жоспарға  сәйкес жүргізіп жатырмыз. Жұмыс қарқыны жаман емес.  Бірақ, қиыршық тас тасымалы  проблемасы туындап отыр.  БҚО-да  карьерлер жоқ, қиыршық тасты көрші облыстардан әкелу қажет. Ай сайын бізге шамамен 1,5 мың вагон қажет, ал біз шамамен 800 вагон аламыз. Қазір ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен "Қазақстан Темір жолы" мен  "Қазтеміртранс" компанияларымен біріге отырып вагондар санын ұлғайту туралы  келіссөздер жүргізудеміз, - деп атап өтті "ҚазАвтоЖол» ҰК” АҚ Батыс Қазақстан   облыстық филиалының басшысы Қазбек Мәмбетов. 

Күрделі жөндеу нысандарына қосымша техника мен жұмысшы маман жұмылдырылды

Екі күре жолды толықтай пайдалануға беру  2023 жылдың соңына жоспарланған.  Жол ашылғаннан кейін сәйкесінше жол бойындағы сервис нысандарын дамыту жұмыстары жалғасады. Мысалы, қазір БҚО аумағында 89 жол бойында орналасқан қызмет көрсету нысаны бар. Биыл жол бойындағы сервисті дамыту үшін 21 жаңа алаң дайындалды, оның ішінде 4 алаң қазіргі уақытта жөнделіп жатқан жол учаскелері бойында орналаспақ.

Өзгелердің жаңалығы