Курчатовта бейнебақылау камералары көбейеді

9 Тамыз 2023, 21:27
579
Бөлісу:
Курчатовта бейнебақылау камералары көбейеді
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Курчатов қаласында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи технологияларды қолдану кеңінен жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облысының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2019 жылы іске қосылған көшедегі бейнебақылау жүйесі жақсы нәтижелерді көрсеттті. 

Осы жылы қалада қосымша 30 камера орнатылып, 56 камера жөнделді. Бүгінде Курчатовта 280 бейнекамера орнатылып, ақпарат тікелей полиция бөлімінің орталығына беріледі. Көшедегі бейнебақылау жүйесі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және көшелер мен қоғамдық орындардағы қылмыстардың алдын алуда сенімді тірек болды. Осы технологияның арқасында қылмыстардың санын азайды. Қала аумағын бақылаудың тиімділігін арттыру үшін бұрын бақыланбаған, камералар қойылмаған аймақтарды анықтау қолға алынды. Бұл кез келген ықтимал қауіптерге тезірек жауап беруге және қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік береді, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы