Күн райына байланысты 2 облыста жол жабылды

12 Наурыз 2024, 21:37
416
Бөлісу:
Күн райына байланысты 2 облыста жол жабылды
Фото: BAQ.KZ архив

12 наурыз сағат 21:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында - жалпы ұзындығы 377 км құрайтын 1 автожол (жел, жаяу бұрқасын, көктайғақ)

  • "Самара-Шымкент" - Ақтөбе қ.-Ырғыз к. (жүк және қоғамдық көлік үшін).

Шығыс Қазақстан облысында – жалпы ұзындығы 160 км 1 автожол (қар көшкіні қаупіне байланысты).

  • "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары" - Ушановское а.-Алтай қ.
    (автокөліктің барлық түрлері үшін).

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп –ұстауға 276 бірлік техника және 294 жолшы жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы