Күн белсенділігі күшейді: Жерге әсері екі күннен кейін сезілуі ықтимал

Ғалымдардың айтуынша, әзірге Жерге қауіп жоқ, алайда Күн белсенділігі алдағы күндері күшеюі мүмкін.

 Report Бүгiн 2026, 16:49
Бүгiн 2026, 16:49
86
Фото: Report

Күн бетінде M5.7 санатындағы қуатты жарқыл болды. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтындағы Күн астрономиясы зертханасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ғалымдардың мәліметінше, жарылыс Күннің арғы бетінде енді ғана пайда болған №4436 жаңа белсенді аймақта тіркелген.

Мынау нағыз жарылыс болды. Дәл қазір Күнде 4436 жаңа белсенді аймағында M5.7 деңгейіндегі жарқыл тіркелді, – деді зертхана мамандары.

Әзірге Жерге қауіп төніп тұрған жоқ. Себебі жарылыстан кейінгі плазма ағыны біздің планетадан кері бағытқа таралған. Сондықтан қазіргі уақытта геомагниттік әсер күтілмейді.

Алайда ғалымдар жағдай алдағы күндері өзгеруі мүмкін екенін ескертті. Екі тәуліктен кейін Күндегі белсенді дақтар тобы Жерге тікелей әсер ететін аймаққа өтеді. Егер Күн белсенділігі жоғары күйінде сақталса, жаңа жарылыстар болып, геомагниттік толқулар туындауы ықтимал.

Бұған дейін Күндегі соңғы қуатты М санатындағы жарылыс 7 мамырда тіркелген болатын. Сонымен қатар соңғы бір тәулікте мамандар С санатындағы тағы 11 әлсіздеу жарқылды анықтаған.

Наверх